ҚАЗАҚТЫҢ САНЫН АРТТЫРУДЫҢ ЕҢ ОҢАЙ ЖОЛЫ

«Бір баласы бардың  шығар-шықпас жаны бар, екі баласы бардың болар-болмас халі бар, үш баласы бардың үш рулы елде малы бар, төрт баласы бардың төрт құбыласы тең болар, бес баласы бардың дес бермейтін жөні бар, … он баласы бардың орда бұзар қолы бар.» дейді  Досбол шешен. Біз неге Өзбек ағайындар сияқты өсіп, өнбейміз? Тәуелсіздік алғаннан кейін олар қанша пайызға ал, біз қанша өстік, бұл нақты ойланатын мәселе. Қазақтар да Өзбек ағайындар сияқты өсулері керек. Халықтың санын көбейтудің көптеген жолдардын бізде қарастырайық демекпін.  Қазақтың санын көбейтетін көптеген жолдар бар, соның біз екеуін ғана атасақ әзірге жетер.

 БІРІНШІДЕ. Әр қазақ ұрпақ үшін жаралғанымызды ашық әңгімелеп, үнемі айтып жүру дұрыс. Ұрпақты болудан асқан қандай бақыт-байлық бар, қазақта үйің жанға толсын деп бата береді. Үйің іші қарадомалақ  ұлмен қызға толса осылар ертең өздері-ақ жеткізбей ме? Ұрпақ дегеніміз осы. Сол үшін Үкіметізден көп балалы болу бағдарламасын жасап, анамен балаға барлық қамқорлықты көрсетейік. Көп балалы аналарды тұрғын үймен қанымдайық, бала басына беретін әлеуметтік көмектті арттырайық, аналарға баласын қарағаны үшін екі жыл жалақысын толық беріп, жұмысынан рұқсаттайық. Бұл бағдарламаны алғашында он жылмен жасайық, сонда Өзбекстан халқы дәрежесіне бізде жетеміз. 

ЕКІНШІДЕ. Қазір шетелдерде 6-7 млн қазақтар тұрады, біз отыз жылда 1.5 млн- ын қайта оралттық, бұлар өсімімен 3 млн-ды құрады. Енді біз 10 жылда қалған қазақтардың кемінде 3 млн ын оралта алсақ бұлардың саны өсімімен 5млн ға жетеді. Сол үшін шеттегі қазақтарды ағайын, туыс-туғандарымен көшіріп алатын он жылға бағдарлама жасап іске көшуіміз керек. Ендігі келетін қазақтар дән-дәулетімен, жиған терген қазынасымен келеді, оның үстіне нелер оқыған, тоқыған, тәжірибе жинаған, еліміздің экономикасын көтеруге септігін тигізетіндер келеді. Осының барлығын ойластыра келіп, көштің екінші дәуірін Үкімет тарапынан 2025 жылдан тұра бастаса қандай тамаша болар еді. Шеттегі қандастарды сонау 1991-жылы аса қыйын кезеңде бастадық, бірақ ешбір қыйындықсыз қолға келтірдік. Дәл сол кездегі іс-тәсіл, тәжірибемізге сүйене отырып шеттегі қандастарды отанына оралтудың оңтайлы сәтін Үкіметімізден бастап кетсе нұр үстіне нұр, елімізге үлкен жақсылық, байлықпен бақыт келері хаһ. Президентіміздің қандастар жөнінде айтып, алға қойып жүрген мақсаттарын халық болып Үкіметіміз қолдап, ұлы мақсатқа қол жеткізейік дегім келеді. Шеттегі қазақтардың  әкесі де, шешесі де, нақты панасы Қазақ елі. Ел-жұртын, қара-шаңырағын армандап жүрген туыстарымызды көрінгенге мүлит болдырмай өз отанына оралтқаннан өзге жол жоқ. Сөйтіп, халқымыздың санын кемінде 30 млн ға жеткізіп, әлемнің дамыған елдер қатарына жетейік демекпін.     

                                                                  Үзбен Құрманбай

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *