ЖЕҢІСПЕН ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУДІҢ ЖОЛДАРЫ

Президентіміздің спортшыларға айтқан ақылы, артқан сенімі, берген жауапкешілігі жастарымызбен спортшыларымызды одан әрмен шыңдай түсті. Мұның нәтижесін Астана қаласында өткен көшпенділер ойынынан анық байқауға болады. Әлемдік деңгейдегі сайыстарға спортшыларымыздың қызығушылығы арта бастады. Еліміз көлемінде спорт саласы жаңа қарқынмен дамудың жолы ашыла бастағанына халық та риза. Осы тұрғыда халықтың  пікірі:  Қазақи жолмен айтқанда әрбір өнер иелерінде «түспе»  болса сонда ғана биші, әнші, күйші бола алады, осыны ойлануымыз дұрыс. Ал күш иелері, палуандар үшін «мен жеңемін, жығамын» деген асқақ рух болса ғана жеңіске жетеді. Спорттың барлық түрінен сайысқа түсетін азаматтар ет жеп, сорпа ішулері керек. Сөйтіп жілігінің майын толтырса ғана күш иесі, нақты палуан атанады. Біздің палуандарда салмақ қасу деген ұғынық болмау керек. Қазақ қашаннан рухына сүйенген халық. Біздің өнер саласының да, спорт саласының да «мен бәрін жеңемін, жығамын, өнерді игеремін, орындаймын» деген асқақ рух, өнерге деген қызығушылық, ең негізі «түспесі» болғанда ғана әлемдік деңгейге жетеді, бұл ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан ұстаным. Қазақтардың қаны таза, сүиегі асыл, қара күші қашаннан басым, буындары берік, сіңірлері күшті, төзімді, ешкімнен үрікпейтін, құдайдан басқадан қорықпайтын, ақылы десе ақылы, айла тәсілі, әдісі десе о да бар, өзгелердің бірі емес, бесеуіне тең келетін рухты  халықпыз. Бұдан былай рухымызға сүйенейік, асқақ рух арқылы ғана жеңіске жете беретін боламыз, оған қоса «түспе» арқылы көздеген мақсатымызға жетеміз. Қазақтың қашаннан асқақ рухы, түспесі бекер емес, нақты түспесі  түссе ешкімді қоймайды. Біз ұзақ жылдар бойы асқақ рухымыздан, бойымыздағы күш-қуаттың иесі түспемізден айырылып, қорғаншақ болып қалдық. Енді  жеке ел, Тәуелсіз мемлекет азаматтары қандай болатынын көрсетейік! Адамдардың күші, өнері қаншама шекті боса да рухы шексіз, рух беріп тұрған түспесі шексіз. Түспе деген сөз өнерге «берілу» деген сөз. Біз алдағы уақта спорттың барлық түрлерін дамытамыз. Әсіресе қазақта күрескенде әдістің барлық түрін қолданатын. Біздің ата-бабадан жалғасқан сол күресіміздің амал, тәсілдерін, әдістерін кім көрінген алып-алып бізге «асаужамбас» қане қалғанға ұқсайды. Жалпы қазақ күресі атам заманынан жалғасқан, әдіс, амал тәсілдің барлық түрін қолдана отырып күш иесі атанатын. Бұл күрес бүгін Монғолдарда толығынан сақталған.  Алда ойланатын дүние көп. Қазақты қызықтырмайтын, менталитетімізге жат, еріккендердің іс-әрекетіне айналған, жауыздықтан таймайтын, бір-бірін қан жоса етіп, өлшіші сабайтын төбелестерге  қатыспауымыз  дұрыс. Әсресе қыздарды бір біріне қан жоса етіп төбелестіргеннен марқадам таппаймыз. Мұның түбі жамандыққа, аса қатегездікке, жауыздыққа апаратын  жол. Біздің қазақ адамзат баласына аса мейірімді қалық, адам өлтірмек түгіл көкті жұлмайтын, жәнтіктерді өлтірмейтін халықпыз. Сондықтан «мысыққа ойын, тышқанға өлім» деген сияқты бірін бірі өліміші етіп сабайтын, қанішер ойындардан бастартайық. Қандай жағдайда босын өзгелерге еліктеп ұл-қыздарымыздың абыройын төктірмейік. Кім көрінгенге сабатпайық. Қазақ мемлекеті әлемдегі ең мәдениетті, тәртіпті, үлгілі екенімізді паш етейік.    Оның үстіне Мемлектіміздің қолдауы, жастарға жасап жатқан қамқорлығы да жетеді деген ой, пікірді екінің бірінен естігенімізді жастарымыз еске алар деген ниет пен ұсынып отырмыз. Спорт министірлігі осыларды еске алар, ретіне келтірер деген үміттеміз.              Үзбен Құрманбай     

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *