Ассалаумағаликум, Құрметті Ержан Сапарбекұлы!
Менің Сізге айтпақ ұсынысым: Машина техниканың қаупінен болып еліміз бойынша күнделікті қаншама адамдарымыз көз жұмып, о дүниеге кетіп жатқанына алаңдап отырғандарыңызды жақсы түсінем. Артында қалған ет жақындарының қан жұтып, қайғы-қасірет шегіп жатқаны жанымызға аяздай батады. Соңғы кезде бір үйдің төрт, бес адамы қатарынан қайтыс бопты деген де қабырғамыз қайысады. Осындай қайғыны көтере алмай талай адам жанынан айырылып, о дүниеге аттанып та жатыр. Алланың жазымымен емес, абайсыздықтан, алаңқасарлықтан жасалған мұндай өкініштің орны толмайтынын, қауіп-қатер күн санап азайғанның орнына өсіп бара жатқанына Өзіңізбен бірге халық қатты алаңдап отыр. Осы тұрғы да халықтың пікірін жеткізе отырып өзіңізге ұсыныс жасап отырмын. Жағдайға тосқауыл қоюдың жолдарын айтып, бұдан екі жыл бұрын ІІМинистіріне хат жолдаған едім. Өкінішке орай қолдарыңызға бармағандай болды. Мемлекетіміз үшін ең үлкен құндылық әр Қазақстан азаматының қауіпсіздігі, Ұлтымыздың амандығы болғандықтан «Алтын адамдарымыздың жас жаны» үшін бүгін өзіңізге қайтадан ұсыныс жасап отырмын.
Құрметті Сапарбекұлы! Машина-техниканың қатерінен, қысқасы жүргізушілердің қателігінен адамдарды өлтірмеуге болады деп ойлаймын. Сол үшін әбір жүргізушіде «мен тәртіп бұзбаймын, адам өліміне қалмаймын», әрбір жол сақшысында «жол ережесін бұздырмаймын, адам өлтіртпейім» деген асқақ рух қалыптастыруымыз дұрыс сияқты. Егер осындай рухты болған да ғана жағдай оңалады. Рухсыз дүниенің барлығы құр бекер, мәнсіз екенін ата-бабамыздан бері жақсы білеміз. Өйткені шынайы рух бәрін жеңеді, рух арқылы адам баласы жеңіс пен жетістікке жетеді. Ал бұл жерде қазіргі жол сақшыларының күнделікті іс-қызыметін, жол ережесін, қарала ағашын, жол бойғы белгілерін, бақылау камераларын жоққа шығарып отырған жоқпын. Бұлар да қажет. Енді осыларға қосып жүргізушілердің ой-санасын жетілдіріп, «мен ешуақытта адам өлтірмеймін», «аман жүремін» деген асқақ рухты қалыптастыру арқылы бүгінгі орын алып жатқан қауіп-қатерді, адам өлімін кемінде 50 пайызға түсіруге әбден болады. Сол үшін жауапкершіліктің барлығын ІІ Министірлігіне, жол сақшыларына артпай, бүкіл халық, ақпарат құралдары бірігіп жүргізушілердің жауапкершілігін арттыруға жұмылайық. Осы тұрғыда бір жылдық науқант жұмыс жүргізейік. Қысқасы 2025-жылды еліміз бойынша қауіп, қатерден сақтанатын, адам өлімін шығармайтын жылға айналдырайық. Жылдың соңғы екі айында дайындық жасап, жыл шыға іске қызу кірісейік. Көлік жүргізушілердің етінен өткізіп, сүйегіне жеткізе ақыл, насихат айтайық.
Сол үшін Өзіңіге ұсыныс:
1.Еліміз бойынша көлік авариясын шығармайтын, жүргізушілердің жауапсыздығынан адам өлімін шығармаудың жолын қарастыратын ұыймдастыру жұмыс тобын Министірлік көлемінде және облыс, қала, аудан, ауыл басымен құрайық. Аталмыш шараға байланысты жыл бойы ұйымдастырылатын іс-шара жоспарын жасайық. Авто-көлік ұйымдары, жеке шаруашылықтарға, жеке жұмыс тобын құрайық. Барлық жүргізушіерді ауқымды шараға қатыстырайық.
- Адам баласының басына қауіп төндірген, талай адамды жалмаған бұл кесапатты асқақ рух қалыптастыру арқылы жеңе алатынымызды барлық халыққа жеткізе айтайық, дәлелдейік, ұғындырайық, үгіт, насихаттың барлық жолын қарастырайық.
3.Асқақ рухтың пайдасын түсіндірейік, барлық жерде лекция оқиық, сабақ үйретейік.
4.Авария жасамаған, адам өліміне қалмаған асқақ рухты жүргізушілерді сыналтып, марапттап отырайық, авария шығармаудың, адам обалына қалмаудың жолдарын радио, телевизия, ақпарат құралдары арқылы үнемі айтып, үгіт насихат жұмысын жаңа белге көтерейік. Үгіт, насихат жұмысын үздік жүргізген ақпарат құралдары арасына жүлде жариялайық, сыйақы ұсынайық. Және асқақ рух қалыптастырып, үздік жұмыс жасаған жол сақшыларын сыналтайық, Олардың іс-тәжірибесін қолданайық. Жыл бойы авария жасмаған, адам өлтірмеген қала,облыс, аудан, ауылдық округтерді сыналтатын жүлдені жариялап, жылына екі рет қортып отырайық. Үздіктерге жоғарғы дәрежедегі сыйлық ұсынайық, Мемлекет марапатына ұсынайық.
5.Осы бастамамызды жыл сайын жалғастырайық, әрмен дағдыға айналдырайық. Басқа саланың адамдарын да рухты болуға шақырайық. Күнделікті болып жатқан жан-түршігерлік оқиғадан сабақ алатын, қызыметіне немқұрайлықпен қарамайтын жауапкешілік пайда болырайық.
Қысқасы жауапты, іскер, жасампаз болудың бастамасы асқақ рух болып табылады. Адам рухы деген таусылмайтын, сарқылмайтын қазына, рухтанған сайын жетпейтін жетістігі, аспайтын асуы жоқ екенін өмірде дәлелдейік! Осы тұрғыда Сіздерге көмекші, жәрдемші болуға, септігімізді тигізуге дайын екенімізді хабарлаймын.
Үзбен Құрманбайұлы
«Әлем-Қазақтары» журналының бас редакторы